Вороговский «Беерсхот» сапындағы екінші голын соқты

15.09.2020, 14:37
Оның командасы Бельгияның төрт дүркін чемпионын ірі есеппен жеңді.
Вороговский «Беерсхот» сапындағы екінші голын соқты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский Бельгиялық «Беерсхот» командасындағы екінші голын соқты.

Вороговский Бельгия чемпионатының бесінші турында өз алаңында "Генкке" қарсы өткен матчта ерекшеленді. Сонымен қатар, қазақстандық қорғаушы 78-минутта қосалқы құрамнан ауысып шықты, ал бес минуттан кейін ол қарсыластар қақпасына өз командасының төртінші голын соқты. Матчтың өзі 5:2 есебімен «Беерсхоттың» пайдасына аяқталды.

Бес турдан кейін «Беерсхот» 12 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, көшбасшы «Шарлеруадан» үш ұпайға қалып келеді. "Генк" (төрт дүркін Бельгия чемпионы) бес ұпаймен 14-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×