"Восток" бапкерсіз қалды

11.05.2011, 18:27
"Восток" бапкерсіз қалды
Бүгін "Восток" клубының ғимаратында команда басшылары мен бапкерлері бас қосқан жиналыс өтті. Жиын барысында "Восток" ұжымының бас бапкері Вахид Масудов жанұялық жағдайына байланысты командадан кететіні белгілі болды . Ал бас бапкердің міндетін уақытша Павел Евтеев атқаратын болды . Клуб басшысы Асхат Ақылбеков осы айдың соңына дейін бас бапкердің есімі белгілі болатынын жеткізді . «Восток» ұжымы Вахид Масудовты 2 жыл бойы атқарған адал еңбегі үшін алғыс айтып шығарып салды . Өскемендік команда ел чемпионатындағы кезекті ойынын сырт алаңда 15-мамыр күні «Жетісумен» өткізеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×