«Вулверхэмптон» мен «Кристал Пэлас» жаңа бас бапкер тағайындады

10.06.2021, 02:18
Қос команда да португалиялық маманға сенім артты.
«Вулверхэмптон» мен «Кристал Пэлас» жаңа бас бапкер тағайындады

Бруну Лаже "Вулверхэмптонның" бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

2019 жылдың қаңтарында Бруну Лаже қызметінен босатылған Руи Виторияның орнына "Бенфиканың" бас бапкері болып тағайындалды. Маман "Бенфикамен" Португалия чемпионы атанды және ел Суперкубогін жеңіп алды. Сондай-ақ, оның басшылығымен команда өзінің соғылған голдар саны бойынша (103 гол) 1963/1964 жылғы маусымдағы рекордын қайталады.

Ал "Вулверхэмптонды" жаттықтырған португалиялық маман Нуну Эшпириту Санту "Кристал Пэластың" бас бапкері болады. Бұл туралы Twitter-де журналист Николо Скира хабарлады.

47 жастағы Эшпириту Санту 2017 жылдан бері "Вулверхэмптон" клубын баптады. Сантумен бірге "қасқырлар" алғашқы маусымның өзінде Чемпионшиптен Премьер-лигаға жолдама алды. Одан бөлек, команда Еуропа Лигасында бақ сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×