Transfermarkt порталы 21-ші ғасырда «гол + пас» жүйесі бойынша ең көп ұпай жинаған ойыншылардың тізімін жасады.
Бірінші орында «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси тұр. Үздік үштікке «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович енген.
«Гол + пас» жүйесі бойынша ең көп ұпай жинаған ХХІ ғасырдағы үздік 10 футболшы
1. Лионель Месси - 1014 (861 матч, 699 гол, 315 голдық пас);
2. Криштиану Роналду - 985 (1004 матч, 727 гол, 258 голдық пас);
3. Златан Ибрагимович - 717 (860 матч, 521 гол, 196 голдық пас);
4. Луис Суарес - 714 (713 матч, 459 гол, 255 голдық пас);
5. Роберт Левандовски - 600 (698 матч, 466 гол, 134 голдық пас);
6. Тьерри Анри - 559 (716 матч, 369 гол, 190 голдық пас);
7. Серхио Агуэро - 545 (733 матч, 414 гол, 131 голдық пас);
8. Уэйн Руни - 543 (864 матч, 364 гол, 179 голдық пас);
9. Сэмюэль Это'О - 524 (805 матч, 408 гол, 116 голдық пас);
10. Карим Бензема - 513 (735 матч, 337 гол, 176 голдық пас).
Біздің серіктес: FONBET