Ян Вороговский: «Біз кубокті иеленгіміз келеді»

28.11.2021, 00:06
Вороговский бұған дейін екі мәрте ел кубогін жеңіп алған.
Ян Вороговский: «Біз кубокті иеленгіміз келеді»

OLIMPBET-Қазақстан кубогінің финалдық матчы алдында «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговский баспасөз мәслихатяна қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді:

- Біз кубокті иеленгіміз келеді. Екі күн бұрын «Базельге» қарсы ойнағанымызға қарамастан, барлығы жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге жетуге тырысады.

- Финалдағы қарсыласыңыз туралы не ойлайсыз?

- «Шахтер» - өте мықты команда. Олармен өткен чемпионаттағы соңғы матчтар біз үшін ауыр болды. Қарсыласымызды талдап, кездесуге дайын болатынымызға сенімдімін. Бірақ бұл қиын әрі қызықты ойын болады.

- Қазақстан кубогін екі рет жеңіп алдыңыз, финалда да екі мәрте ойнадыңыз. Финалдық матчтарға деген көзқарас пен дайындық басқа ойындардан өзгеше бола ма?

- Финал қашанда ерекше психологиялық дайындықты қажет етеді. Финал жиі бола бермейді және сіз оған ерекше дайындықпен баруыңыз керек.

- Команда Конференция лигасында сәтті өнер көрсеткен жоқ, чемпионатта үшінші орын алды. Осы маусымда Кубокті жеңу сіздер үшін жақсы нәтиже бола ма?

- «Қайрат» – Қазақстандағы ең үлкен клубтардың бірі, біз чемпионатта, кубокте және еуро додаларда әрқашан жоғары мақсаттар қоямыз. Біздің алдымызда барлығын, соның ішінде кубокті де жеңу міндеті тұрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×