Яцек Гуральский Бундеслига клубына ауысты

18.06.2022, 01:58
Қос тарап арасындағы келісім-шарт 2024 жылға дейін есептелген.
Яцек Гуральский Бундеслига клубына ауысты

«Бохум» футбол клубы «Қайраттың» 29 жастағы польшалық жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскийді қатарына қосты.

Футболшы германиялық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Қос тарап арасындағы келісім-шарт 2024 жылға дейін есептелген.

Польша құрамасының жартылай қорғаушысы «Қайрат» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды және ел кубогін жеңіп алды. Алматылық клуб жейдесінде 37 матчқа қатысты, соның ішінде УЕФА Конференция лигасы аясында 4 ойын өткізді.

Еске салайық, «Бохум» Германия Бундеслигасында өнер көрсетеді. Клуб өткен маусымды 13-ші орында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×