"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский өзінің қалпына келуі туралы айтты:
- Яцек, сәлем! Қалыпқа келу процесі қалай өтіп жатыр? Өзіңізді қалай сезінесіз?
- Сәлеметсіз бе! Бұл өте қиын процесс, бірақ мен бар күшімді салып, күн сайын күресемін. Өкінішке орай, маған алаңға оралу үшін әлі уақыт қажет.
- Біз сіздің "Қайраттың" барлық ойындарын бақылайтындығыңызды білеміз.
- Ия, мен әр ойынды бақылаймын, өйткені "Қайрат" менің командам! Чемпионатты тағы да жеңгенімізді қалаймын. Біз жаңа маусымды жақсы бастадық, бірақ өкінішке орай кейде қателесеміз. Бар назарымызды алдағы ойындарға аударып, күресті жалғастыруымыз керек.
- Командада кімді көбірек сағындыңыз?
- Мен бүкіл команданы және қаланы сағындым, бірақ мен өз жағдайымды түсінемін. Енді мен тек өзімнің жағдайыма назар аударуым керек және бәрінен бұрын атмосфера мен футбол алаңындағы матчтарды сағындым.
Біздің серіктес: FONBET