«Ювентус» 19 жасар футболшымен келісімшартқа отыруға жақын

09.01.2021, 22:18
Футболшы «Ювентустың» жастар құрамасында ойнайтын болады.
«Ювентус» 19 жасар футболшымен келісімшартқа отыруға жақын

Туриндік "Ювентус" жақын арада 19 жастағы француз жартылай қорғаушысы Абдулайе Дабоны сатып алу құқығымен жалға алатын болады. Бұл туралы италиялық журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, келісімшарт дүйсенбі, 11 қаңтарда жасалуы мүмкін. Футболшы "Ювентустың" жастар құрамасында ойнайтын болады. Гвинеядан шыққан 19 жастағы француз футболшысы "Нанттың" екінші командасы үшін бес матч өткізді.

Бұған дейін 19 жастағы "Дженоаның" жартылай қорғаушысы Николо Ровелланың "Ювентуспен" келісімшартқа отыруға жақын екендігі белгілі болды. Туриндік клуб бұл келісімге екі жас футболшыны қосады - 19 жастағы шабуылшы Элиа Петрелли мен 20 жастағы жартылай қорғаушы Маноло Портанова "Дженоаға" ауысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×