«Ювентус» Адама Траорені алғысы келеді

11.07.2020, 03:31
Клопп бұл ойыншыдан да айырылып қалайын деп тұр.
«Ювентус» Адама Траорені алғысы келеді

Туриндік «Ювентус» басшылығы жазғы трансфер терезесінде «Вулверхэмптон» шабуылшысы Адама Траорені алу нұсқасын қарастыруда, деп хабарлайды Sport Mediaset.

Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, "Вулверхэмптон" 24 жастағы испандықты 80 миллион еуроға бағалайды, сонымен қатар «Ливерпуль» де футболшының қызметіне қызығушылық танытуда, Клопп командасы оны трансферлік терезедегі басты мақсаты етіп алды деген қауесет бар.

Траоре - "Барселонаның" тәрбиеленушісі. Форвард 2004-2015 жылдар аралығында Каталонияда өнер көрсетті, содан кейін ол "Астон Виллаға" өтті. Бір маусымнан кейін Адама "Мидлсбро" ойыншысына айналды. Испандық ойыншы «Вулверхэмптон» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда Траоре клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 48 матчта 6 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×