«Ювентус» Чемпиондар Лигасында антирекорд орнатты

10.03.2021, 20:43
Роналду 2005 жылдан бері алғаш рет плей-офф кезеңінде гол соға алмады.
«Ювентус» Чемпиондар Лигасында антирекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында "Ювентус" өз алаңында "Портуды" қабылдады. Кездесу Туриндегі (Италия) "Альянц - Ювентус" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Командалар арасындағы алғашқы кездесуде 2:1 есебімен "Порту" жеңіске жеткен еді. Сонымен, екі матчтан тұратын текетірестің жалпы есебі 4:4 болды. Португалиялық клуб қонақта соққан голдың арқасында келесі кезеңге өтті.

Twitter-де OptaPaolo статистикалық порталы хабарлағандай, "Ювентус" Чемпиондар лигасы мен Чемпиондар кубогі тарихында алғаш рет қатарынан екі маусымда плей-офф кезеңінен әрі аса алмады. Өткен маусымда туриндік клуб 1/8 финалда "Лионнан" жеңіліп қалған болатын.

Жауапты матчта туриндік клуб сапында Федерико Кьеза (2 гол) мен Адриен Рабьо гол соқты. "Порту" сапында Сержиу Оливейра дубль жасады. Сондай-ақ "Порту" Мехди Тареми 54-минутта алаңнан қуылғаннан кейін он адаммен ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×