«Ювентус» Италия кубогының финалына шықты
Туриндік «Ювентус» Италия кубогының финалына жолдама алды.
«Ювентус» алғашқы ойында өз алаңында «Фиорентинаға» жол берген болатын. Алайда қарымта кездесуде Италия чемпиондары қарсыласын ірі есеппен жеңді. Үзіліске дейін Матри мен Перейра қонақтарға басымдық алып келген болатын. Ал екінші таймда Бонуччи ойынның нүктесін қойды.
«Фиорентина» - «Ювентус» - 0:3 (0:2)
Голдар: Матри 21', Перейра 44', Бонуччи 59'.
«Фиорентина»: Нето, Гонсало (Томович 81'), Савич, Басанта, Алонсо, Аквилани, Фернандес, Хоакин (Диаманти 65'), Валеро, Салах, Гомес (Бабакар 72').
«Ювентус»: Сторари, Эвра, Кьеллини, Бонуччи, Падоин, Стураро, Видаль, Перейра (Огбонна 82'), Маркизио, Мората, Матри (Коман 74', Льоренте 87').
Ескертулер: Стураро 30', Кьеллини 39', Маркизио 61', Гонсало 61', Фернандес 71', Видаль 77'.
Алаңнан қуылды: Мората 86'.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Масқара
0