Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында «Хоффенхаймды» жеңіп, Германия кубогының жартылай финалына өтті.
Кездесудің есебін 19-шы минутта Суботич ашты. Дегенмен қонақтар екі минуттан соң Фолландтың көмегімен таразы басын теңестіріп тастады. Көп ұзамай Фирмино Суботичтің қорғаныстағы қателігін пайдаланып, қонақтарды алға шығарды. Үзілістен кейін Обамеянг «Боруссияның» екінші гол соғып, есепті теңестірді. Алаң иелері овертаймда ғана Кельдің алыстан бағыттаған соққысының арқасында жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3:2.
«Боруссия» Д – «Хоффенхайм» - 3:2 (1:2, 1:0)
Голдар: Суботич 19' (1:0), Фолланд 21' (1:1), Фирмино 28' (1:2), Обамеянг 57' (2:2), Кель 108' (3:2).