Игорь Денисов: «Футболды аяқтайтын шығармын»

08.04.2015, 16:15
Игорь Денисов: «Футболды аяқтайтын шығармын»
Мәскеулік «Динамоның» ойыншысы Игорь Денисов неліктен трансферге қойылғанын әлі де түсінбей жүр. Сейсенбі күні «Динамо» бас бапкердің жұмысына араласқаны үшін команданың хавбегі Игорь Денисовты сатылымға қойғанын мәлімдеген болатын.  Жанжалдың шығу себебі – «Локомотивке» қарсы кездесуде бас бапкер Станислав Черчесов негізгі құрамға «Динамо» президентінің ұлы Борис Ротенбергті шығарғанында екен. «Ештеңе түсіне алар емеспін. Қайталап айтамын, мен әлі таң қалып жүрмін. Өз-өзіме келіп алуым керек. Шынымды айтайын, ештеңе түсінбедім, ештеңе білмеймін, - деп бастады Денисов. – Алаңға Ротенбергтің шыққанына ашуландым ба? Далбаса. Жүйкем сыр беріп жүріп, мүмкін, футболды аяқтайтын шығармын. Білмеймін, аталмыш оқиғадан кейін өзіме келе алар емеспін».  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×