Жеңімпаздар жейдесі

08.04.2015, 23:02
Жеңімпаздар жейдесі
IMG-20150406-WA0002Наурыз айында "Аладоп.кз" сайты "Пікірлер сайысын" ұйымдастырған болатын. Ұлыстың ұлы күні байқаудыңқорытындысы шығып, жарыстың жеңімпазы анықталған. Үздік пікірді жүлде қоюшы, жас кәсіпкер Әділ Жүсіпов анықтады. Жеңімпаз арқалық қаласының тұрғыны Бауыржан Мағау есімді оқырман. Енді міне, редакциямызға Бауыржанның фотолары келіп түсті. Бауыржан - "Бавария" жейдесінің иегері! Бауыржан МАҒАУ: - "Негізі, мен "пікірлер додасына" қатысардан бұрын, ұтқан жейдемді 1 сәуірде болатын досымның туған күніне сыйлық ретінде жасаймын"- деп өз-өзіме уәде берген болатынмын. Сосын, Әділ ағай тағыда бір жейде алуыңа болады деп, жомарттық танытты. Мен "Челсидің" жейдесі ұнайтынын айттым. "Бавария" мен "Челсидің" жейдесі бүгін келді. Ал, бүгін 6 сәуір менің туған күнім! Осылайша туған күніме керемет сыйлық болды! Дәл арнайы жасалғандай) Рахмет сізге осындай сайыс ұйымдастырғаныңызға) Алла разы болсын!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×