«Ювентуста» үлкен өзгерістер болады деп жоспарлануда

01.05.2021, 18:50
Тек бас бапкер ғана емес, бүкіл басшылықтағы адамдар қызметінен кетуі мүмкін.
«Ювентуста» үлкен өзгерістер болады деп жоспарлануда

Осы маусым аяқталғаннан кейін «Ювентуста» елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін - клуб президент пен спорт директорын ауыстыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлады.

Андреа Пирло «Ювентустың» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін. Ал команданың бұрынғы жаттықтырушысы Массимилиано Аллегридің Туринде жүргені белгілі болды, оны БАҚ бас бапкер болуға басты үміткер ретінде қарастыруда. Оның штабына «Ювентустың» бұрынғы қорғаушысы Андреа Барцальи қосылуы мүмкін.

Алайда, «Ювентустың» осы маусымдағы сәтсіз ойынына тек Пирло ғана жауап бермейді. Клубтың қазіргі президенті, Суперлиганың құрылуына атсалысқан клуб директоры Андреа Аньелли де қызметінен босатылуы мүмкін, ал директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын Алессандро Наси оның орнын басуға дайын.

«Ювентустың» спорттық директоры Фабио Паратичидің де жұмыссыз қалу қаупі бар - бұл қызметке басты үміткер ретінде оның «Наполидегі» әріптесі Кристиан Джинтоли мен қазір «Интерде» жұмыс істейтін Джузеппе Маротта қарастырылуда. Сондай-ақ, Алессандро Дель Пьеро немесе Дэвид Трезегенің де спорттық директор болуға мүмкіндігі бар.

Аталған өзгерістер туриндік клубтың негізгі ойыншылары - Криштиану Роналду мен Пауло Дибалаға да әсер етуі мүмкін. Екі ойыншының да командадағы тағдыры бұлыңғыр күйінде қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×