Зайнутдинов қашан алаңға оралады? – “Динамо” дәрігері мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:19

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтар белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Зайнутдинов қашан алаңға оралады? – “Динамо” дәрігері мәлімдеме жасады

Мәскеулік "Динамо” клубының бас дәрігері Михаил Бутовский футболшының қашан қатарға қосылатыны туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Жарақатынан айығып жатқан отандасымыз қазіргі уақытта арнайы бекітілген оңалту жоспарынан өтіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Бахтиeрдың беті бері қараған және емдеу шараларында айтарлықтай ілгерілеу бар.

“Зайнутдинов біз бекіткен жоспар бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ол өзіне берілген барлық бағдарламаны үздік деген бағаға орындауда. Оның биылғы маусымда алаңға шығу мүмкіндігі бар. Біз бұған үлкен үмітпен сенеміз, өйткені оң динамика байқалады." – деді Бутовский Советский Спорт басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×