Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысу туралы пікірімен бөлісті

26.08.2020, 05:18
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов Мәскеулік ЦСКА клубына ауысқаннан кейін клубтың ресми сайтына сұхбат берді.
Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысу туралы пікірімен бөлісті

22 жастағы Зайнутдиновтың «ЦСКА-мен» келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. Жаңа командада ол 19-шы нөмірді алды және клуб тарихындағы үшінші қазақстандық болды.

- Бұл командаға қосылғаныма қуаныштымын! ЦСКА - үлкен клуб. Енді маған жаттығу керек және осында не себепті келгенімді дәлелдеу керек.

- Бұл клубқа ауысу жайлы нұсқа қашан пайда болды және сіз бұл туралы қанша уақыт ойландыңыз?

- Бір аптада барлығы шешілді. Мұның бәрі тез өтті.

- Сіз неліктен 19-шы нөмірді таңдадыңыз?

- Мен оны қатты ұнатамын.

- Екі күн бұрын сіз "Ростовта" ойнадыңыз, ал бүгін сіз ЦСКА-мен Краснодарға ұшып бара жатырсыз. Дпйындалуға уақыт бар ма?

- Кеше мен бұл жайлы онша түсінбедім, бірақ мен бүгін өзімді келесі ойынға дайындап жатырмын.

- Сіз ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойдыңыз. Алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз?

- Мен көп ойнағым келеді, өзіме осындай деңгейде ойнай алатынымды дәлелдегім келеді және ЦСКА-ға пайдамды тигізгім келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×