Зайнутдинов - ЦСКА ойыншысы

25.08.2020, 22:24
Жаңа клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырды.
Зайнутдинов - ЦСКА ойыншысы

Мәскеулік ЦСКА өзінің ресми сайтында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты алғандығы жайлы хабарлады.

Жаңа клубпен келісімшарт 2024-2025 маусымның соңына дейін жасалған. Және Мәскеулік клуб сапында Бахтиер 19 нөмірмен өнер көрсететін болады.

Еске салайық, Зайнутдинов 2019 жылдың қаңтарында "Астана" клубынан "Ростовқа" ауысқан болатын. Осы маусымда ол "Ростов" үшін 4 матчқа қатысып үлгерді. Ал өткен маусымда 17 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пасымен көзге түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×