Зайнутдиновтың "Бешикташы" бас бапкерін жұмысынан қуды

14.04.2024, 08:23

Қазақстан Ұлттық құрама командасының намысын қорғайтын Бахтиер Зайнутдиновтың "Бешикташының" басшылығы бас бапкер Фернанду Сантушты жұмысынан босатты.

Зайнутдиновтың "Бешикташы" бас бапкерін жұмысынан қуды

Португалиялық жаттықтырушыны орнынан осылай алып тастауға кеше "Самсунспормен" (1:1) өткен ойын себеп болған көрінеді. "Бешикташ" өз алаңындағы кездесуде жеңісті уысынан шығарып алған болатын. Бұл Түрік Суперлигасының 32-турының бәсекесі еді. Стамбулдық клубты енді маусым соңына дейін Сердар Топрактепе жаттықтырмақ. Айта кетейік, Фернанду Сантуш "Бешикташтың" осы маусымдағы төртінші  бапкері. Осыған дейін Шенол Гюнеш, Бурак Йылмаз бен Рыза Чалымбай да өз орындарын босатқан болатын. "Бешикташ" 32 турда 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші сатыда келеді. Түрік Суперлигасының келесі турында команда өз алаңында "Анкарагюджюді" қабылдамақ. Бұл бәсеке 19-сәуірге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×