Заккерони: «Ибрагимович Роналдуға қарағанда Италия футболына көп пайдасын тигізді»

21.10.2020, 03:00
4 матчта 12 ұпай жинаған «Милан» А сериясында көш бастап келе жатыр.
Заккерони: «Ибрагимович Роналдуға қарағанда Италия футболына көп пайдасын тигізді»

"Ювентус" пен "Миланның" бұрынғы жаттықтырушысы Альберто Заккерони "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович туралы ойымен бөлісті.

"Мен мансабымда үлкен чемпиондарды жаттықтырдым, бірақ өкінетінім - Ибрагимовичті ешқашан жаттықтырған емеспін. Ол мәңгі өмір сүретін адам секілді, және мен неге оның "Алтын доптың" иегері болмағанын түсінбеймін. Ол Роналдуға қарағанда Италия футболына көп пайдасын тигізді. Ол келгеннен кейін көптеген жас футболшылардың өсе бастауы кездейсоқ жағдай емес.

Златан тек гол соғып қана қоймайды. Ол барлық командаластарына сенімділік береді. Және команданы ең қиын сәттерде өз жауапкершілігіне алады", - деді Заккерони.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×