Землянухин: «Маған 10-шы минутта қызыл қағаз аласың деді»

28.07.2020, 01:14
«Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Антон Землянухин Қазақстандағы келісілген матчтар жайлы бар шындықты айтып берді.
Землянухин: «Маған 10-шы минутта қызыл қағаз аласың деді»

"Маған Қазақстанда келісілген матч ойнауды ұсынды. Мен бас тарттым. Мені қорқытты, біз сол кезде "Астанаға" қарсы ойнайтын едік. Мен ол кезде "Қайсарда" ойнап жүрдім. Джолчиев те бар еді. Маған ойынға бір күн қалғанда қоңырау шалды. Өз ұсыныстарын айтты. Мен оларға: "Жоқ, бұларың не?" дедім. Олар маған 10 минутта қызыл қағаз аласың деді".

"Олар жай ғана бізден қорықты. "Астанаға" бізбен тең ойнаса жеткілікті еді. Егер олар бізден ұтылса, екінші орында келе жатқан "Қайрат" чемпион атанар еді. Оларға тек тең ойын керек еді. "Астана" бізден қатты қорықты. Оның үстіне матчты өзіміздің алаңда ойнайтын едік, жалпы сіздерге қалай түсіндірсем болады? Қысқасы, тең ойын керек еді. "Астана" қандай жағдайда да ұтылмау керек болатын. Олар маған 10 минутта қызыл қағаз аласың деген еді, мен оларға: "Жоқ, бұларың не?, - деп жауап бердім. Мен командаластарыма олай жасамаймын деп айттым, ал бапкерге ештеңе айтқан жоқпын. Егер айтсам, мені екінші құрамға отырғызып тастайды деп ойладым. Ал маған ойнау керек болды".

"Бірақ мен матч барысында Джолчиевке қарсы өз айып алаңымызда тәртіп бұзып қойдым. Бұл жағдай екінші таймда болды. Мен: "Жігіттер бұл әдейі емес, ант етемін!", - дедім. Біздің қақпада Кирилл Прядкин тұрды. Мен оған: "Гол жібермесең, мен саған бір жәшік сникерс сатып алып беремін", - дедім. Ол пенальтиді қайтарды. Бізде сол кезде қарымта шабуылға шығатын керемет мүмкіндік болды. Мен допты алып, сол қапталдан жүйткідім. Матчтың 80-81-ші минуты еді. Біз есепті аштық. Есеп 1 - 0. Матчқа 2-3 минут қосылды. Біз нәтижесінде 97 минут ойнадық. "Астана" бұрыштамадан гол салып кетті. Рохер Каньяс баспен соқты. Одан кейін ысқырық шалынды. Біз негізі 92 минут ойнауымыз керек еді, бірақ 97 минут ойнадық. Біздің бапкер жынданып кете жаздады. Олар гол салмай тұрып-ақ, уақыт аяқталып қалған еді", - деді Антон Землянухин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×