Әзербайжанды бағындырған Швейцариялық сұрмерген Қазақстанға келмек – ҚПЛ-дың қос алпауыты талантты футболшы үшін таласты бастап кетті

Бүгін, 14:57

Әзербайжан чемпионатының басты жаңалықтарының біріне айналған Швейцариялық шабуылшы Карим Росси Қазақстандық клубтардың назарына ілікті. ҚПЛ командалары осы жазда трансферлік нарықты дүр сілкіндіруге дайын отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Әзербайжанды бағындырған Швейцариялық сұрмерген Қазақстанға келмек – ҚПЛ-дың қос алпауыты талантты футболшы үшін таласты бастап кетті

Елдар Аманбаевтың мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы тәжірибелі форвардты өз қатарына қосқысы келетін Қазақстандық екі бірдей клуб бар. Қазіргі уақытта Росси Әзербайжанның ең қарапайым ұжымдарының бірі — "Шамахы” (Şamaxı FK) сапында өнер көрсетеді. Ол осы маусымда 30 матчта 9 гол соққан.

Бұл трансфердің басты артықшылығы — қаржылық тиімділігінде. Осы жазда Карим Россидің "Шамахымен" келісімшарты аяқталады. Футболшы жаңа командасына еркін агент мәртебесінде, яғни мүлдем тегін ауыса алады.

Россидің айналасындағы жағдайды Қазақстаннан бөлек, Ресей Премьер лигасының белді ұжымдары, Сауд Арабиясының ақшалы клубтары және Әзербайжанның жергілікті грандтары жіті бақылап отыр. Сондықтан отандық клубтарға оңай болмайтыны анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×