Жалақысын ала алмаған 4 ойыншы "Ақжайық" сапынан кетуге арыз жазды

30.08.2011, 00:19
Жалақысын ала алмаған 4 ойыншы "Ақжайық" сапынан кетуге арыз жазды
Михаил Любимкин (қорғаушы), Айбек Гұбайдуллин (жартылай қорғаушы), Эльдар Әбдірахманов ((жартылай қорғаушы) және Олег Хромцов (шабуылшы) өз клубтарынан кету туралы арыз жазды.  Ойыншылар сөзіне сүйенсек, олардың клубтан кету себебі жалақыларының берілмей тоқтап қалуы. "Ақжайықтың" бұрынғы ойыншысы Михаил Любимкин клубтан кету жөнінде арызды 12-тамыз күні жазды. Ол 2005-жылдан бастап "Ақжайық" сапына ауысты. Ал 2008-жылы "Шымкентік" клуб құрамына өтті. Осыдан кейін "Ақжайық" клубына қайта оралды. - Клуб сапынан кеткен себебім мен 2011-жылдың басынан бері жалақым берілмеді. Бұдан бұрында кеткім келді, алайда клубымыздың директоры  іс-сапарда болды, - дейді Михаил  өз сөзінде.  Ал клуб директоры  Рашид Хуснутдинов қыркүйек айының аяғына дейін олардың жалақысын төлейтінін айтты. Олег Хромцовта клубтан қаржы мәселесіне байланысты кетуге мәжбүр болыпты.  - Мен аталмыш клубпен 2011-жылға дейін келісімге отырдым. Алайда жалақымды ала-алмадым. Менің де отбасымды асырауым керек емес пе?- деді ол күйініп.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×