Футбол федерациясының бұрынғы сайты, қазіргі спортс.кз - ке тиесілі FFK.KZ сайтында aladop.kz сайтына сілтеме жасалып Қожағапановтың журналистердің сауалына қатысты жауабы беріліпті.
4 қаңтар күні aladop.kz сайтында ҚФФ Президенті Е.Қожағапановтың атына жазылған хат жария етілген болатын. Онда Қазақстан футболының түлегі түсінігіне қатысты мәселе қозғалып, Нидерланд Корольдігінің азаматы, бүгінде Қазақстан азаматтығын алуға құжат дайындап жатқан қандасымыз Мұрат Өналдың оралман ретінде Қазақстан футболының түлегі деп қабылдануы туралы айтылған болатын.
12 қаңтар күні Ерлан Қожағапанов мырзаның жауабы да aladop.kz сайтында жария етілді.
SPORTS.KZ иелік етіп отырған FFK.KZ сайтында көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден мен қазақ тілді спорт журналистерінің атынан емес, aladop.kz сайтының редакторы ретінде өз атымнан жолдадым.
Екіншіден, Қожағапанов мырзаның жауабында Мұрат Өналдың Қазақстан футболының түлегі бола алмаса да, қай елдің азаматы болғанына қарамастан, оның Қазақстандық клубтар сапында өнер көрсетуіне еш шектеу қойылмайтыны айтылған. Сондай ақ оның Қазақстан футбол түлегі атануға мүмкіндігі бар екендігі де көрстеілген. Ол үшін Мұрат Қазақстан Ұлттық құрамамсының сапында ресми ойындардың бірінде жасыл алаңға шығуы керек.
FFK.KZ сайтына жауапты Sports kz сайтындағы әріптестерімнің бұл тірлігін қалай түсінуге болады?
Қазақстан футбол федерациясы мен Sports kz арасындағы даудан барлығымыз хабардармыз. Бұл екі тараптың ішкі мәселесі.
Бірақ Sports kz сайтының қазақ тілді журналистердің атын жамылып, ақпаратты бұрмалап беру арқылы екі ортаға бізді салғанына жол болсын!
aladop.kz сайты шындыққа жанаспайтын ақпараттың FFK.KZ сайтынан алып тасталынуын талап етеміз!!!