Венгер қақпашы іздейді

12.02.2015, 22:07
Венгер қақпашы іздейді
Британдық басылымдардың хабарлауынша, екі жылдан астам уақыттан бері канонирлердің негізгі қақпашысы болып келген Войцех Щесныды командадан жібергісі келеді. Оған себеп, польшалық қақпашының бірнеше олқылықтары. Бапкердің қаһарына ілігіп, бүгінде қақпашы қақпадағы орнын Оспинаға беріп қойған еді. Венгерге жақпаған футболшы түбінде командадан кететінін білеміз. "Интерге" ауысып кеткен Подольски есімізде. Француздық маман, енді Щесныға екінші мүмкіндік бермейтінін, жазда басқа командағ сатқысы келетіндігін Венгер мәлімдеген болатын. Орнын басатын қақпашыны да көздеп қойған. Леверкузендік "Байердің" 1-ші нөмірі Бернд Ленноға қызығуылық танытып отыр. Жазда 20 миллион фунт қаржы неміс клубының басшылығына ұсынбақшы. Ол болмаса, өткен Әлем чемпионатында шеберлік танытқан Гильермо Очоаны шақырмақ. Мексиканың тумасы Әлем чемпионатынан кейін, ортаң қол "Малаганы" таңдап, бірақ Испан Премьерасында бірде-бір мәрте алаңға шықпаған. Андалусиялық клубтың бас бапкері Гильермодан гөрі, камерундық Камениге сенетін секілді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×