Бес жылдан кейін Месси Неймарға пенальти орындатты
12.02.2015, 21:57
Испания кубогының жартылай финалындағы «Барселона» мен «Вильяреал» арасындағы ойында Месси пенальти орындауға өзінің командаласы Неймарға мүмкіндік берген екен.
Бірақ каталондықтардың шабуылшысы допты қарсыластың қақпасына енгізе алмады.
Мұндай оқиға соңғы рет 2010 жылы орын алған. Ол уақытта Месси пенальти орындауда Златан Ибрагимовичке мүмкіндік берген болатын.
Каталондықтардың сапында бес жыл үзбей пенальти орындап келген Мессидің ендігі пенальтиін кімге және қай уақытта беретінін уақыт көрсететін болады.
Массагет.кз сайтынан
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a