Жанкүйерлер Мессиге шүйлікті

03.05.2025, 21:25

Лионель Месси "Интер Майамимен" бірге  КОНКАКАФ Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін жанкүйерлердің сынына ұшырады.

Жанкүйерлер Мессиге шүйлікті

“Интер Майами" турнирдің ширек финалында Мексикалық "Монтеррей” командасымен кездесіп, екі ойын қорытындысы бойынша жеңіліп қалды. Бірінші матчта "Интер Майами" өз алаңында 1:2 есебімен жеңілсе, жауапты ойында 3:1 есебімен тағы ұтылды. Осылайша, жалпы есеп 5:2 болып, "Монтеррей" жартылай финалға өтті.

Жанкүйерлер мен кейбір спорт сарапшылары бұл сәтсіздік үшін команданың көшбасшысы Лионель Мессиді кінәлап жатыр. Олар әлеуметтік желілерде Аргентиналық жұлдыздың ойынына көңілдері толмайтынын, шешуші сәттерде көшбасшылық қасиетін көрсете алмағанын жазуда. Сонымен қатар, команда тактикасы мен бас бапкер Херардо Мартиноның шешімдері де сынға ілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×