Хави Эрнандес Сауд Арабиясына жол тартуы мүмкін

03.05.2025, 21:15

Испандық маман Хави Эрнандес бапкерлік мансабын Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль" командасында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы белгілі инсайдер Флориан Плеттенберг хабарлады.

Хави Эрнандес Сауд Арабиясына жол тартуы мүмкін

Ақпарат көзінің мәліметінше, Саудиялық клубтың басшылығы Хавиді команда тізгінін ұстауға үміткер ретінде қарастыруда. Бұл шешім "Аль-Хиляльдің" қазіргі бас бапкері, Португалиялық Жорже Жезуштың 3 мамыр күні қызметінен кетуінен кейін қабылданды. Ол Азия чемпиондар лигасының жартылай финалында "Аль-Ахлиден” жеңілгеннен кейін жұмысынан босатылды.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, 45 жастағы Хави 2025/2026 маусымының басында "Аль-Хиляль” клубын жаттықтыруы мүмкін.

Айта кетейік, Хави 2021 жылдың қарашасынан 2024 жылдың маусымына дейін "Барселонаның” бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен "Каталониялық" клуб Испания чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алған.

Қазіргі уақытта "Аль-Хиляль” Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде 62 ұпаймен екінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған "Аль-Иттихадтан” алты ұпайға қалып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×