
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында Түркістанның «Тұран» командасы өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті.
Ойын бойы бастаманы толықтай өз қолында ұстаған алаң иелері бірінші таймның соңында Руслан Юденковтың күшімен есеп ашқандай болды. Алайда бұл гол офсайд үшін есепке алынған жоқ.
Екінші таймда да түркістандықтар шабуылда белсенді болып, қысымды арттыра түсті. 59-минутта «Жетісу» ойыншысы Диас Орынбасар алаңнан қуылып, қонақтар он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, қонақтардың қақпашысы өте сенімді өнер көрсетіп, тең есепті сақтап қалды.
Осы тең нәтижеден кейін «Тұран» 8 ұпаймен турнир кестесінің ортасында орналасса, «Жетісу» 4 ұпаймен төменгі орындардың бірінде тұр.
«Тұран» — «Жетісу» 0:0
Қызыл қағаз: Орынбасар (59-минут, «Жетісу»)
Біздің серіктес: FONBET