Литва футбол федерациясы хабарлағандай, Қазақстан құрамасының 2020/21 жылғы Ұлттар лигасындағы "Литваға" қарсы алғашқы матчы Вильнюсте өтеді.
Ұйым көрермендер саны жақын арада анықталатынын айтты.
"Матч Вильнюстегі LFF стадионында өтеді. Көрермендерге де матчты көруге рұқсат етіледі. Әзірге олардың саны 1000 адамға жуық. Көрермендердің нақты санын бірнеше күнде үкімет көрсетуі керек. Алайда Литва екінші толқынға дайындалып жатыр, сондықтан оны болжау қиын", - деді Литва футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарының күнтізбесі барлығына белгілі. Михал Билектің командасы С тобында ойнайды, топтағы қарсыластар Албания, Беларусия және Литва болды. Қазақстан үшін турнир 5 қыркүйекте Литваға қарсы матчпен басталып, 18 қарашада дәл сол қарсыласқа қарсы матчпен аяқталатын болады.
Біздің серіктес: FONBET