ЖАПОН ФУТБОЛШЫСЫ «ҚАЙСАРДА» ОЙНАЙ МА?

20.01.2012, 22:42
ЖАПОН ФУТБОЛШЫСЫ «ҚАЙСАРДА» ОЙНАЙ МА?

Қызылорданың «Қайсары» қаңтар айының 26-сына дейін Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық барысында олар бірнеше футболшының шеберлігін байқап, шетелдік клубтармен жасыл алаңға шығады.

Жерлестеріміз Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездесуге келісім жасады. Сондай-ақ, олар Түркияның төменгі топтарында ойын көрсетіп жүрген «Элгазиспор» командасымен өзара сайысқа түсіп көрмек. Осы күндері «Қайсардың» сынағына бірнеше футболшы қатысып жүр. Былтыр «Тараз» қақпасын күзеткен Мұрат Мұқашев биыл қызылордалық ұжымға ауысуға талпынуда. Аталмыш шептегі серб Златко Жечевич те оқу-жаттығу жиынына келді. Сонымен қатар, грузин Георгий Пейкришвили, украин Евгений Шмаков та өздерін жақсы қырынан таныта алса, біздің ұжымның қатарын толықтыратын болады. Жапон жартылай қорғаушысы Аккеши Таисуке де «Қайсардың» құрамына енсем деп үміттеніп отыр.

Әділжан ҮМБЕТ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×