20-ғасырдың өткен он жылдығындағы футбол тарихына үңілсек Парагвай қақпашысы – Хосе Чиловерттің алар орны ерекше екен. Әдетте қақпашы футболда өз қақпасының амандығын ойлап өз қамалынан шықпайды. Ал Хосе қақпада тұрып қана қоймай қарсылас қақпасына керемет голдар тоғытатын талант иесі еді.
Өзінің ұзақ әрі жемісті футболдық ғұмырын ол 17 жасында «Велес сарсфилд» клубынан бастайды. Жас талантты бірден байқаған футбол скауттары оны ел біріншілігінде белді орны бар «Гуараниға» тартады. Хосенің келісімен команда жақсы ойын көрсетіп, біріншілікті чемпиондық тәжбен аяқтайды. Өз елінде табысқа жеткен қақпашы Аргентина біріншілігіндегі «Сан-Лоренцо» клубымен келісім шартқа отырады. Алайда, қанша дегенмен оңтүстікамерикамен салыстырғанда еуропалық футболдың өзіндік орны әрқашан жоғары тұратынын ескеріп ол испандық клуб «Реал Сарагосаға» қоныс аударады. Хосе Чиловерт ұлттық құрамаға 1989-жылы алғаш шақыру алып, 74 кездесу өткізген. Маңызды ойындардың барлығында дерлік пенальти мен айып добын өзі орындаған. Парагвай ұлттық құрамасының нағыз көшбасшы, капитаны болған ол құрамада өнер көрсетуге асқан жауапкершілік пен патриоттық тұрғыдан ерекшеленген. 1998 жылғы Францияда өткен Әлем біріншілігінде Болгария құрамасына қарсы ойында айып добын орындаған алғаш қақпашы ретінде танылды. Топтық кездесулерде қақпасына екі бірдей кездесуде гол жібермей, командасын 1/8 финалға дейін жетелеп апарады. Олардың жолын кескен Франция болатын. Негізгі уақытта бірін-бірі ала алмаған қарсыластар «алтын гол» жүйесі бойынша қосымша уақытта Лоран Бланнан гол жіберіп алады. Матч біткеннен кейін Хосе Чиловерт ойын пенальтиге дейін барғанда жеңіс біздікі болар еді деп қатты қынжылған болатын. Алайда, олар жеңілген жоқ! Дүние жүзі әлемде Парагвай сияқты мықты құрамамен санасатын болды.
Жеткен жетістіктері
- 1996 Оңтүстік Американың ең үздік қақпашысы.
- 1995,1997,1998 Әлемнің үздік қақпашысы.
- ХХ ғасырдың үздік қақпашылар тізімінде 6-орында.
- Аргентинаның үш дүркін чемпионы.
- Либертодорес кубогының иегері
[caption id="" align="alignright" width="306" caption="Оңтүстік Американың бұзығы!"][/caption]Төрт жылдан кейін Жапония мен Корей елінде өткен мундияльда Парагвайдың бағы тағы байланды. Бұл жолы сол чемпионаттың күміс жүлдегері Германия құрамасына жеңілуге мәжбүр болды. Сол кездесуде парагвайлықтар қанша тырысқанымен, ойынның соңында гол жіберіп алады. Әрине, бұл әлемдік дода болғандықтан, барлық құрама өз деңгейінен артық өнер көрсететіні ақиқат. Хосе ұлттық құрама сапында 8 доп ұрған. Бұл қақпашылар арасындағы рекорд. Дегенемен де, Хосенің бір арманы орындалмады. Әлем чемпионы болу! Ол барлық клубтық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. «Көптеген рекордтар, мақтаулар мен мадақтаулардың барлығы бір Әлем чемпоионы деген атаққа татымайды», -дейді әйгілі қақпашы. «Мен өзімнің барлық жетістіктерімнің жартысынан көбін, жоқ барлығын берер едім. Тек, Әлем чемпионы деген атаққа Парагвай құрамымен жетсем», - деген екен. Осы сөздердің өзі спортшының қаншалықты ұлттық құрамасын жақсы көретінінің айғағы іспетті.
Хосе Луис Чиловерт негізінен мінезі ашушаң болғандықтан, ойын үстінде талай жаға жыртысқан. Әрине, көп жағдайда өзінің зілдей қолымен кімді ұрса да, кез-келгенінің денсаулығына едәуір зардап әкелері сөзсіз. Сондай жағдайлардың бірі Колумбия құрамасымен 1998 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде орын алған. Парагвайлықтар 1:0 есебімен ойынды өз тізгінінде ұстаған. Алайда, ойын сәттерінің бірінде колумбиялық шабуылшы Фаустино Асприлья Хосенің бетіне түкіріп жіберген. Алаңда болған келеңсіздікті тоқтату үшін төреші екі ойыншыны да қызыл қағазбен жазалап, екеуі де алаңнан қуылады. Трибуна астына кіргенде Хосе колумбиялық футболшыны еңгезердей қолымен бір ұрып құлатқан екен. ФИФА осы қылығы үшін қақпашыны үш ойынға аластатып, айып төлеттірген болатын. Тағы осындай жағдай 2001 жылы қайталанған. 2002 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеу сынында бразилиялық шеберлерге қарсы өткізген ойында дәл осындай келеңсіз жағдай тағы бір мәрте орын алды. Кездесуден бір күн бұрын Хосе «ойын соғыс сияқты болады, бразилиялықтар бір кездері тартып алған жерлерін қайтаруы тиіс (1864-1970ж. соғыс)», - деп айтқан болатын. Кездесу басталысымен бразилиялық қорғаушы Роберто Карлос қақпашыға ұлттық намысына келетін сөздер айтып, таблоны көрсетіп (2-0) міне, сендер бақытсызсыңдар десе керек. Ашуға булыққан Хосе Карлостың бетіне бірақ түкірген. Бұл жолы да ФИФА оны үш ойынға жазалап, соның салдарынан ол 2002 жылғы мундиальдың алғашқы кездесуін трибунадан тамашалайды. Сол секілді көптеген жағдайды бастан өткерген қақпашы өзінің футболдық ғұмырының соңында францияның «Страсбург» клубында өткізіп кейінірек, өзінің алғаш доп тепкен клубы «Велес Сарсфилдқа» қайта оралып қоштасу кездесу өткізеді. Сөйтіп, әлем футболындағы ерекше тұлға 2004 жылы үлкен футболмен қош айтысады. Бірақ ол біржола футболдан қол үзбеді. Қоштасу матчында да ол алаңға қақпашы болып шығып, өзінің мәнерінде тамаша гол соғады. Дәл осы кездесуден соң ол әлемге өзінің гол соққыш қақпашы деген атын тай ға таңба басқандай қылып жазып кетті. Аты аңызға айналған қақпашының даусы «Univision» телеарнасында жарқын-жарқын естіледі, өйткені, ол енді танымал футбол комментаторы. Хосе Луйс Чиловердтің ендігі арманы бапкер ретінде Парагвай ұлттық құрамасын Әлем чемпионы ету екен. Ол арман орындала ма, орындалмай ма, оған барлығымыз таяу жылдарда көзіміз жетер.
Елдос ҚАМБАЛИЕВ
Біздің серіктес: FONBET