Жақсыбеков жұмысын жалғастырады

13.03.2011, 03:16
 Жақсыбеков жұмысын жалғастырады

Қазақстан футбол федерациясының президенті һәм қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қызмет мерзімін тағы 4 жылға созды. ҚФФ-ның 7-і сайлау конференциясында федерация мүшелері бірауыздан басшы тағында қалсын деген шешімге риза болып тарасыпты. Ұлттық құраманың қақпасы мен ел қауіпсіздігін қорғау жолында «жанын салып» жүрген Жақсыбеков бас болғалы ФИФА мен УЕФА басшылары Блаттер мен Платини қазақ жеріне қайта-қайта қонаққа келді. Талғарда ұлттық құрама жаттығатын база бой көтерді. Басқа не айтсақ екен?! Президент Кубогы жолындағы жарыстың ашылу және жабылу салтанатында құттықтау сөздер оқып, Кубок табыстады. Ел ішілік бәсекелерде бәйге алғандарды марапаттады. Біз бірақ премьер-лига матчтарын трибунадан тамашалап отырған Әділбек мырзаны көрмеппіз. Ең басты нәтиже әзірге көңілден шықпайды. Ұлттық құрама ұтылып жатыр, ұтылып жатыр… Бұл салаға футболдың исі мұрнына баратын біреу келгенде, жағдай басқаша болар ма еді?! Маса.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×