Италяндық бапкер Мадридтегі жұмысын аяқтай ма?
Marca басылымының бұрынғы бас редакторы Эдуардо Инда осындай жаңалық таратты. Журналисттің айтуынша Флорентино Перес жаттықтырушыны орнынан босатады. Бар себеп корольдік клубтың осы маусымда мүлде жүлдесіз қалуы. Шешім бірнеше апта бұрын қабылданып қойған, клуб маусымның аяқталуын күтіп отыр.
Карло Анчелотти 2013-ші жылдың жазында бапкерлікке тағайындалып, Чемпиондар Лигасын, Испания кубогін, Еуропа суперкубогі, клубтар арасындағы әлем чемпионатты жеңіп алған еді.