"Манчестер Юнайтед" "Лацио" футболшысы үшін 50 миллион еуро ұсынбақ

19.05.2015, 01:28
"Манчестер Юнайтед" "Лацио" футболшысы үшін 50 миллион еуро ұсынбақ
"Gazzetta dello Sport "басылымының хабарлауынша Фелипе Андерсон, көптен бері футболшыны бақылап жүрген "Манчестер Юнайтед" скауттарының көңілінен шығыпты. Бразилияның жас таланты үшін Манчестер басшылығы 50 миллион еуро көлемінде "Лациоға" төлеуге дайын.  Сонымен қатар, басылымға сенсек Андерсонды сатып алу үшін "қызыл сойқандар" Анхель ди Марияны трансферге қояды. Былтырғы маусымның Чемпиондар Лигасыдағы финалдың үздік футболшысы, Манчестерде бір маусым өткізіп, Ван Галдың да, жанкүйерлердің де көңілінен шықпағанын білеміз. 21 жасар Фелипе Андерсонның "Лацио" сапындағы көрсеткіші 30 ойын, 10 гол, 8 нәтижелі пас. Жалғыз "Манчестер Юнайтед" емес, "кәрi құрлықтың" бірнеше белді клубтары да өз қатарында көргісі келеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×