Испан Премьерасы. "Барселона"-чемпион!

18.05.2015, 06:11
Испан Премьерасы. "Барселона"-чемпион!
фото Getty Images "Барселона" "Висенте Кальдерондағы" матчта жеңіске жетіп, чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда Испания чемпионы атанды. Ойындағы жалғыз голдың, "Барса" үшін алтын голдың авторы-Лионель Месси. 64-ші минутта айып алаң ішінде Педромен пас алмасып, 8 метрдей жерден Облак қорғаған қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Атлетико» - Барселона 0:1 (0:0) Гол: Месси, 64 (0:1) "Реал Мадрид" қонақта "Эспаньолдан" басым түсті. Кездесудің 59-шы минутында Роналду есеп ашты. Араға 15 минут уақыт салып, "Эспаньол" шабуылшысы Стуани, Кейлор Навастың өрескел қателігінен кейін таблодағы есепті теңестіріп кетті. Бірақ, қалған уақытта Марсело "корольдік клубты" алға шығарып, Роналду тағы да екі гол салып қонақтар жеңіс тойын тойлады. Әрине, барлығы Католониядағы кездесуге емес, Мадридтегі матчқа байланысты еді. Эспаньол - Реал 1:4 (0:0) Голдар:Криштиану Роналду, 59 (0:1); Стуани, 73 (1:1); Марсело, 79 (1:2); Криштиану Роналду, 83 (1:3); Криштиану Роналду, 90 (1:4). "Барселона" тарихында 23-ші рет Испания чемпионы атанып отыр.

 

Жарыс кестесі

 

 
1  БАРСЕЛОНА 36 29 3 4 107-19 90
2  РЕАЛ МАДРИД 36 28 2 6 107-34 86
3  АТЛЕТИКО 36 23 8 5 67-28 77
4  ВАЛЕНСИЯ 36 21 10 5 66-29 73
5  СЕВИЛЬЯ 36 21 7 8 66-42 70
6  ВИЛЬЯРЕАЛ 36 15 12 9 46-32 57
7  МАЛАГА 36 14 8 14 39-43 50
8  АТЛЕТИК 36 13 10 13 35-39 49
9  ЭСПАНЬОЛ 36 13 10 13 44-44 49
10  СЕЛЬТА 36 12 11 13 43-41 47
11  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 36 14 4 18 42-63 46
12  РЕАЛ СОСЬЕДАД 36 10 13 13 40-46 43
13  ЭЛЬЧЕ 36 11 7 18 33-59 40
14  ЛЕВАНТЕ 36 9 9 18 34-65 36
15  ХЕТАФЕ 36 10 6 20 29-56 36
16  АЛЬМЕРИЯ 36 8 8 20 32-59 32
17  ЭЙБАР 36 8 7 21 30-54 31
18  ДЕПАРТИВО 36 6 13 17 31-58 31
19  ГРАНАДА 36 6 13 17 26-64 31
20  КОРДОВА 36 3 11 22 21-63 20
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×