Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның жақын арада өзге клубқа ауысуы жайында көп айтылған болатын. Ғаламтор бетінде қай командаға ауысуы мүмкін деген де болжамдар пайда болуда. Осы мәселені анығына жеткізу үшін біз Тараз футбол клубына хабарласқан едік. Соңғы бізге жеткен ақпараттар бойынша Бауыржан Петербордан жарақат алып келіпті. Кеше таң сәріде Ресейден Түркияның Антальия қаласына ұшып келген ойыншымен әзірге тілдесу мүмкін болмай отыр. Түркияда Исламханмен келіссөз жүргізу үшін екі-үш клубтың агенттері жүр деген де әңгіме расталып отыр.
Ресейлік немесе Украиналық ұжымның қайсысына байқауға баратынын енді жартылай қорғаушының өзі шешпек. Нақты ақпарат жақын арада шығып қалады деген сенімдеміз. Футбол төңірегіндегі тұлғалардың айтуы бойынша мәселенің мән жайы ақпанның 5-і күні нақты шешілмек.
Біздің серіктес: FONBET