«Анжиге» кел қалқатай, білегіңді сыбанып...

31.01.2013, 20:43
           «Анжиге» кел қалқатай, білегіңді сыбанып...

945573-15582763-640-360Қысқы трансферлік маусымның жабылуына санаулы сағаттар қалғанда дағыстандық «Анжи» корольдік клубта бағы жанбай жүрген Рикардо Какаға қызығушылық танытуда. Тіпті, клубтың менеджері әрі директоры Роберто Карлос Испания астанасына бразилиялық ойыншыны Ресейге әкелу операциясын да бастап кетті.

Дағыстандық  клубтың Каканы сатып алуына уақыттың аздығы да әсер етуде. Өйткені, қаңтар айының соңғы күні қысқы трансферлік маусым жабылады. Өткен аптада Роберто Карлос Мадридте «Реал» басшыларымен кездесіп қайтқан болатын. Королдік клубтың негізгі құрамынан орын алмай келе жатқан бразилялық жартылай қорғаушы «Анжиге» барудан бас тартқысы келмейтін сияқты. Кезінде «Миланда» жасындай жарқылдаған Кака, жақын уақыттарда өзінің италияльяндық клубқа өте алмай қалды. «Милан» футбол клубы бразилиялық жартылай қорғаушыны сатып алуға қауқары жетпеді. Дағыстандық клубтың соңғы екі жылда жасаған жұмыстарына қарап, болашақта «Анжиден» үлкен жеңістер күтуге болады. Гус Хиддинктің қол астындағы аталмыш клуб Еуропа лигасының 1/16 финалында Германияның «Ганновер» командасымен кездеседі. Клуб президенті Сүлейман Керімов мырзаның ең үлкен арманы – дағыстандық клубпен Чемпиондар лигасын жеңіп алу. Қазірдің өзінде клубтың жылдық бюджеті 300 млн АҚШ долларын құрап отыр. Сондай-ақ, әр маусымның алдында жаңа ойыншыларды сатып алуға 100-150 млн АҚШ долларын жаратуға дайын. «Анжи» басшылығы Уесли Снейдерге 3 жылда 60 млн еуро беремін деп тырысқанымен, голландиялық жартылай қорғаушы түріктің «Галатасарайына» ауысқаны мәлім. Сол себептен Роберто Карлос «Анжиде» бәрі де соншалықты жаман емес екенін, клубтың болашағы зор екенін түсіндіре келе, өзінің отандасын Дағыстанға алып келуге бар күш-жігерін жұмсауда. Өзі де королдік клубта негізгі құрамда ойнамай, былайша айтқанда «арамтамақ» болып жүрген Кака мырза Қап тауына (Кавказ) келіп қалуы ғажап емес.                                                                                                                                                                                                                                Алмат БАҚЫТЖАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×