Жарко Томашевич мансабын Қазақстанда жалғастыра бермек

13.01.2022, 19:57
Футболшыға ел чемпиондары көз тікті.
Жарко Томашевич мансабын Қазақстанда жалғастыра бермек

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» мен Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевич «Тобылға» ауысуға жақын.

Томашевич соңғы үш маусым бойы елордалық клубта өнер көрсетті, бірақ «Астана» футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбады. 31 жастағы қорғаушыға «Тобыл» қызығушылық танытып отыр. Тараптар келіссөздер жүргізіп, келісім-шарт мәселесін талқылады. Жарко қостанайлықтардың Түркиядағы алғашқы ОЖЖ-на қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Тобыл» «Астананың» тағы бір экс-ойыншысы Дмитрий Непогодовпен келіссөздер жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×