![Қазақстанның топ-клубы босниялық футболшымен толығуы мүмкін](https://aladop.kz/cache/imagine/1200/uploads/post_items/2022/01/13/3653c510e58fbce0758afffd49d74eb4.jpg)
Софиялық ЦСКА клубының 24 жастағы босниялық жартылай қорғаушысы Хамза Чатакович мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «Блиц» басылымы.
Дереккөздің хабарлауынша, шабуылдаушы жартылай қорғаушыға Қазақстанның топ-клубтарының бірі қызығушылық танытып отыр. Бұл клубтың басшылығы Чатаковичтің құнын білу үшін ЦСКА-ға хабарласып үлгерген.
Хамзаның өзі негізгі құрамдағы орнынан айырылуына байланысты командасын ауыстырғысы келеді. Дегенмен, ЦСКА оның орнына жаңа ойыншы таппайынша, ешқандай шешім шығармайды.
Біздің серіктес: FONBET