ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақаттан аман қалды және Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Реал Мадридпен» болатын екінші ойынға қатыса алады деп күтілуде.
Шабуылшы 7 наурыздағы жаттығу кезінде сол аяғын ауыртып алған. Тексеріс нәтижесінде Килианнан гематома анықталды және сынықтың жоқ екені белгілі болды, деп хабарлайды L'Equipe.
Қазіргі уақытта клубтың медициналық қызметі Мбаппенің Чемпиондар лигасындағы матчқа қатысуын қамтамасыз ету үшін қажетті процедураларды жүргізуде.
Еске салайық, Мбаппе кеше Идрисса Гейемен болған қақтығыстан кейін жаттығуды мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Осыдан кейін париждік клубтың жанкүйерлері әлеуметтік желіде Гейеге жаман хабарламалар жазып, қорлаған екен. Бірақ Килиан өзінің Instagram парақшасында сенегалдық футболшыны қолдайтынын мәлімдеді.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Реал» мен ПСЖ арасындағы қарымта ойын 9 наурызда Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET