Жейлітбаевтің жүлдесі Жұмасқалиевқа бұйырды

14.11.2013, 20:49
Жейлітбаевтің жүлдесі Жұмасқалиевқа бұйырды

Жейлітбаев атындағы жүлденің алғашқы жеңімпазы Қазақстан чемпионатының голеадоры, «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевке бұйырды.

Жыл басында Кәсіпқой футбол лигасы  марқұм Серік Жейлітбаевтыңатында арнайы жүлде тағайындаған болатын. Бұл сыйлық әр жылы ел чемпонатында ең көп ойын өткізген футболшыға беріліп отырады. Жейлітбаев атындағы жүлденің алғашқы жеңімпазы Қазақстан чемпионатының голеадоры, «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевқа бұйырды. Естереңізде болса, қаңтарда аса ауыр науқастан қайтыс болған Серік Жейлітбаевтың атындағы жүлдені тағайындау жайлы шешімқабылданған. Әлі күнге дейін ел біріншілігінде ең көп ойын өткізген ойыншы ретінде Серік Жейлітбаевтың есімі аталады. Қазақстан чемпионатында 20 жылға жуық доп тепкен Серік 462 ойын өткізген екен.

 Бек Төлеуов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×