«Шахтер» «Rights of Players-2013» сыйлығына ие болды

14.11.2013, 20:48
«Шахтер» «Rights of Players-2013» сыйлығына ие болды

Бұл тәуелсіз сыйлық футболшыларға қатысты барлық келісімшартты және басқа да міндеттемелерді сақтайтын үздік клубқа беріледі.

Бұл тәуелсіз сыйлық футболшыларға қатысты барлық келісімшартты және басқа да міндеттемелерді сақтайтын үздік клубқа беріледі. Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралы федерациясыны қолдауымен (ФИФОПро) тағайындалатын сыйлықты «Про футбол» қоры анықтады. Алғашында осы сыйлыққа ел біріншілігінде өнер көрсететін үш командаұсынылды. Олар: «Астана», «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент). Осылардың арасынан сурылып шыққан команда «Шахтер» болды. Қазақ футболының тарихында алғаш болып Еуропа лигасының топтықкезеңіңде өнер көрсеткен «кеншілерге» қандай сый-сияпат жасаса да орынды. Өзге командаларымыз да биылғы «Шахтердің» жетістігінқайталап жатса, ел футболы жаңа қарқынға ие болар еді. Біз де өз тарапымыздан «Шахтер» командасының басшыларын, бапкерлерін, футболшыларын шын жүректен құттықтаймыз!  

Бек Төлеуов, «Sport»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×