Жэйми Варди “Лестер Ситиден” кететінін жариялады

25.04.2025, 12:30

Жэйми Варди осы маусымды аяқтаған соң "Лестер Ситимен" қош айтысатынын ресми түрде мәлімдеді. Ол 2012 жылы "Fleetwood Town" клубынан 1 миллион фунт стерлингке командаға қосылғаннан бері 13 жыл бойы "Түлкілерге" деген адалдығын танытып барлығы 496 матчта 198 гол соқты.

Жэйми Варди “Лестер Ситиден” кететінін жариялады

Оның ең “Лестер Ситимен” бірге жеткен ең үлкен жетістігі – 2015/16 маусымында Премьер лиганың чемпионы болу. Сонымен қатар, ол 2020/21 маусымында Англияның кубогын жеңіп, 2019/20 маусымында Премьер Лигасының ең үздік сұрмергені атанды.

38 жастағы Варди футболдан кетуді жоспарлап отырған жоқ, ол MLS немесе Сауд Арабиясының клубтарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастыруда. Оның соңғы ойыны 18 мамыр күні "King Power" стадионында “Ипсвич Тоун” командасына қарсы өтеді, және ол өз карьерасындағы 200-ші голын соғуды көздеуде.

"Лестер Сити” клубының президенті Аяватт Сривадданапрабха Вардиді клуб тарихындағы ең үздік ойыншы деп атап, оның қосқан үлесін жоғары бағалады. Варди "Лестер Ситиді" “екінші үйім” деп атап, команда мүшелеріне, жаттықтырушыларға, қызметкерлерге және жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Ол АПЛ-да бірнеше рекордтың иегері, соның ішінде 30 жасқа толғаннан кейін 100+ гол соққан АПЛ тарихындағы жалғыз ойыншы болып табылады.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×