Елордалық «Жеңісті» 32 жастағы қазақстандық маман Ринат Алюетов тізгіндеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ринат Алюетов бұған дейін Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында, кейін «РКС-АЛАШ» клубында қызмет еткен.
2020 жылдың маусым айынан бастап Талдықорғандық «Жетісуды» құрылымында жұмыс істеді. Сол жылы ол өзінің конференциясында «Жетісу-Жастар» командасын екінші орынға алып шықты.
2021 жылдың қаңтарында талдықорғандық клубтың бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен «Жетісу» маусымды соңғы 14-ші орында аяқтап, Бірінші лигаға түсіп қалды.
Біздің серіктес: FONBET