
«BorodAbata.kz» сайтының мәлімдеуінше, «Тұран» ҚПЛ-дың 12-туры аясындағы «Жеңіске» қарсы матчта қосалқы командасының футболшыларына сенім артады.
Түркістандық ұжымда орын алған белгілі жағдайларлың әсерінен клуб басшылығы осындай қадамдарға барған көрінеді.
«Белгілі болғандай, алаңға қосалқы командада ойнайтын жас ойыншылар шығады. Бұл шешім команда ішіндегі жағдайға байланысты қабылданды.
Бір күн бұрын БАҚ-та «Тұранның» бас бапкері Виталий Жуковский мен оның көмекшілерінің отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болды - олар матчқа бір күн қалғанда командадан кетті. Әзірге клуб бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ» - делінген танымал порталдың мәлімдемесінде.
Түркістандық клуб 11-турдан кейін он бір ұпай еншілеп, тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET