Мехди Тареми әскери қақтығыстарға байланысты Ираннан шыға алмай қалды

14.06.2025, 20:30

“Интер Милан” клубының шабуылшысы Мехди Тареми әскери қақтығыстар мен әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Ираннан шыға алмай отыр. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport хабарлады.

Мехди Тареми әскери қақтығыстарға байланысты Ираннан шыға алмай қалды

32 жастағы Ирандық шабуылшы АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін командасына қосылуы тиіс еді. Алайда елдегі барлық рейстер тоқтатылған. Тареми Теһран әуежайына келгенімен, қауіпсіздік мақсатында кері қайтуға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Миландық клуб футболшымен байланысып, бұл жағдайдан шығудың жолдарын қарастыруда.

Әуе қатынасының бұзылуына Израиль мен Иран арасындағы өзара шабуылдар себеп болған. Жұмаға қараған түні Израиль әскери әуе күштері Иран нысандарына соққы берген. Бұған жауап ретінде Тегеран зымырандар ұшырды.

Өткен маусымда Тареми Серия А аясында “Интер” сапында 26 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×