
Президент Джанни Инфантино 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын Супербоулмен салыстырды.
“АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі жанкүйерлер үшін клубтық әлем чемпионаты әлемнің ең үздік клубтары мен ойыншыларын көрудің бірегей мүмкіндігі. Бұл біз үшін жақсы білетін аңыздар мен әлі таныс емес, бірақ болашақта ұмытылмас жұлдыздарды тамашалау сәті.
Бұл футболды Солтүстік Америкада дамытуға тамаша мүмкіндік, әсіресе 2026 жылғы әлем чемпионатымен үйлескенде. Бұл тарихтағы ең ірі әрі инклюзивті турнир болады. 48 команда, үш ел мен 16 қалада ойнайды. Бұл бір айда 104 Супербоул өткізгенмен тең.
Соккерге немесе мүмкін мен футбол деп айтуым керек шығар, АҚШ-та әлемнің басқа бөліктеріндегідей танымалдыққа жету үшін әлі де бір нәрсе жетіспейді. Алдағы екі жаз сол жетіспейтін нәрсені толықтырып, футболды АҚШ пен Канадада спорттың нөмірі бірінші түріне айналдыра алады.” – деді Джанни Инфантино.
Айта кетейік, клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 2025 жылғы 15 маусымда яғни ертең таңғы 05:00 сағатта (Астана) басталады және 13 шілдеге дейін жалғасады. Ал 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада келесі жылы 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: FONBET