
Елордалық клубқа жаңадан келген украиналық бапкер Андрей Демченко жазғы трансферге қазірден кірісіп кетті.
Жоғарғы дивизионнан ұшып кетпеуді көздейтін «Жеңіс» клубы былтыр екінші айналымда ең үздік командалардың бірі ретінде танылып, алпауыттардың мазасын қашырып еді. Биыл да астаналықтар 2 рет қатарынан жеңіске жетті. Енді екінші айналымда Қазақстан кубогы мен ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуге мүдделі.
Осы орайда олар Португалияның үшінші дивизионында ойнайтын «Дезембро» клубының шабуылшысы Руи Батальяға көз тікті. Сыбыстарға сенсек, футболшысының бойы 169 сантимерді құраса да, жылдамдығымен ерекшеленеді-мыс. Ойыншы биылғы маусымда 9 матчқа қатысып, 1 рет мергендігімен танылған. 3-дивизионның футболшысы «Жеңістің» мақсатының орындалуына көмектесер ме екен?
Біздің серіктес: FONBET