«Жеңіс» екінші рет қатарынан жеңіске жетті

21.06.2025, 20:13

Астананың «Жеңіс» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында өз алаңында «Атыраумен» кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.

«Жеңіс» екінші рет қатарынан жеңіске жетті

Бірінші таймда алаң иелері фаворит саналса да, үзіліске дейін есем ашылмады.

Екінші таймда «Жеңіс» шабуылды үдетті. Нәтижесінде 62-минутта қорғаушы Иван Шараванья айып алаңы сыртынан бағыттаған дәл соққысымен командасын алға шығарды. Ал матчтың соңғы қосымша минуттарында Асхат Балтабеков есепті еселей түсті. Есеп: 2:0.

Осылайша, «Женіс» 13 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Ал «Атырау» 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалып отыр.

«Жеңіс» — «Атырау» 2:0 (0:0)

Голдар: Шараванья, 62 (1:0); Балтабеков, 90+2 (2:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×